"Рамазан сыйы" республикалық қайырымдылық марафоны аясында Қабақ баба мешіті "Ерекше жандар" қоғамы мүшелеріне азық-түлік таратты.
Орталықта 60-қа жуық адам бар, оның 15-і бала. Мешіттерде қайырымдылық шаралары республикалық деңгейде өтіп жатыр. Көбіне көмек қаржылай, азық-түлікпен және киім-кешекпен берілуде. Кәсіпкерлердің көмегімен ірі қайырымдылық шаралары да қолға алынады.