Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне қарасты Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің төрағасы Мейрамбек Маратұлы өңірге жұмыс сапарымен келді. Шаһардағы кәсіподақ орталығына барып, аталмыш саланың өткен жылғы жұмыс қорытындысымен танысты. Мәселен, аймақта қызмет барысындағы өлім - жітім 2 есеге азайған.