Жаңа Конституция - заман талабы. Осылай деген өңірлік коалиция мүшелері бүгін кезекті түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, заңдағы жаңашылдықтарды талқылады. Қастерлі құжатта адам құқығына ерекше ден қойылып, қауіпсіздігі алдыңғы шепке шыққан. Одан бөлек, талай сүзгіден өтіп сараланған айтулы өзгерістер жайы сөз болды.