Жыл басынан бері облыста 196 интернет-алаяқтық дерегі тіркелген. Ақтөбеліктер 449 миллион теңгесін алаяқтарға беріп қойды. Мұндай келеңсіз оқиғалар саны күннен-күнге өршіп барады. Кезекті жағдай өткен аптада болды. Алаяққа алданған өңір тұрғыны 33 миллион теңгесінен айырылған.