Референдумға 4 күн қалды. Өңірлік коалиция мүшелері еңбек ұжымдарымен кездесуін жалғастыруда. Бүгін түсіндіру тобы теміржол басқармасының мамандарына Ата заңдағы өзгерістер мен толықтыруларды түсіндірді. Цифрлық қауіпсіздік, адам құқығы, неке мәселелері туралы баптар жіті түсіндіріліп, сұрақтарға жауап берілді. Өз кезегінде сала мамандары Конституция жобасын қолдайтындарын білдірді.