Әйгілі күріш өсіруші, Екі мәрте Социалистік Еңбек Ері Ыбырай Жақаевтың туғанына - 135 жыл. Даңқты диханның мерейтойына орай Сақтаған Бәйішев атындағы Ақтөбе облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы  «Еңбегімен ел таныған тау тұлға» атты ауызша журнал ұйымдастырды. Шығанақ Берсиев атындағы Жоғары аграрлық-техникалық колледжінде өткен шарада қатысушылар ел тарихындағы ерен еңбек пен табандылықтың жарқын үлгісіне айналған Ыбырай Жақаевтың өмір жолына үңілді.