Тасөткелдің тарихы кітапқа таңбаланды. Хромтау ауданы, Тасөткел елдімекенінің 90 жылдық мерейтойына орай "Шот-Жосаның бойында" атты жаңа туынды жарық көрді.

 Кітап авторы- ақтөбелік қоғам белсендісі Серік Әбдіжәми. Бұл- Тасөткел ауылының тарихы мен тағылымын арқау еткен, естеліктер мен шежіреге толы шығармашылық еңбек. Кітаптың тұсаукесері бүгін Сағи Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасында өтті.