Апта басталғалы шілденің шіліңгір ыстығы тұр. Синоптик мамандардың мәліметіне сүйенсек, облыста сынап бағаны отыздан асып, қырыққа жетеді. Аптап ыстық әсіресе созылмалы ауру бар науқастар үшін қауіпті.
Қазір емхана жағалап жүргендер де егде жастағылар мен қан қысымы, жүрек - қан тамыры аурулары бар пациенттер. Осыған сәйкес, дәрігер мамандар ыстықтан қорғанудың қарапайым тәсілдерін тағы бір еске салды.