Еуропа лигасының бірінші іріктеу кезеңіндегі алғашқы ойын өңірлік команда үшін сәтсіз болды. Кеше Варшавадағы стадионда өткен ойында "Ақтөбе" польшалық «Легиямен» кездескен болатын.

Бірінші таймның ортасында алғашқы голды Польша құрамасының шабуылшысы Ваган Бичахчян соғып, есеп ашты. Кейін өңірлік команда тарапынан қарсылас қақпасына көптеген соққы бағытталғанмен, ойындағы жалғыз гол осы болды. Сонымен есеп 1:0, алаң иелерінің пайдасына шешілді.

Қарымта ойын 17 шілде, бейсенбі күні қаладағы орталық стадионда өтеді.