"Сазды" су қоймасында балықшылар слеті өтті. Онда 14 әуесқой балықшы балық аулап жарысты. Араларында ер азаматтармен қатар нәзік жандылар да бар. Байқаудан кейін қатысушылар Балықшылар күніне орай ұйымдастырылған концерттік шара мен көрмені тамашалады.

Шара соңында жыл бойы еңбегімен көзге түскен сала мамандары марапатталды.