Мұғалжар ауданының Ащысай ауылында жаңа мектеп салынып жатыр. Құрылысы қарқынды жүріп жатқан заманауи білім ордасы алдағы оқу жылына дейін тапсырылуы тиіс. Елдімекендегі ең еңселі әрі көрнекті нысанның біріне айналатын білім шаңырағы 60 орынға арналған.

Ауыл тұрғындары оқу ордасының құрылысын көптен күткендерін айтып, қуанышын бөлісті