Ащысайдың ахуалы жақсарып келеді. Мұғалжар ауданына қарасты елдімекенде құрылыс жұмыстары қызып, күн санап көркеюде. Бұған дәлел ауыл ішіне салынған алғашқы асфальт жабындысы.
Бұған дейін төсеніш көрмеген көтерме жолдың қазіргі кейпі әлдеқайда жақсарып қалған. Жол азабын тартып келген жұрт, енді ауылдың тірлігі жақсаратын болды - деп қуанып отыр.