Жыл басынан бері облыс аумағында 164 есірткі құқықбұзушылығы анықталды. Тәркіленген есірткінің салмағы 142 келіге жуық.

Ең көп табылған есірткі түрі - марихуана, 134 келі. Одан кейінгі орында синтетикалық есірткі тұр. Апиын және гашишпен ұсталғандар да бар.