Өңір басшысы су шаруашылығы саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградаларды табыстады. Биыл Президент Жарлығымен ІІІ дәрежелі «Еңбек Даңқы» мемлекеттік наградасына «Aqtobe su-energy group» мекемесінің екі қызметкері лайық деп танылған.
Соның бірі – ұзақ жылдар бойы су шаруашылығы саласында қажырлы еңбек етіп келе жатқан Айбек Әлжанов. Оның еңбек жолы 1994 жылдан басталған. Наградталған екінші маман – Жекен Тоқтамысов. 1998 жылдан бері Қарғалы учаскесінің кезекші слесарі болып қызмет атқарады.
Көпжылдық адал еңбегі, уақытылы және жұмысты сапалы орындағаны үшін ұжымда үлкен құрметке ие. Сондай-ақ, шара барысында «Облысқа сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісімен «ҚазСуШар» мекемесі облыстық филиалының директоры Ринат Шауенов марапатталды.