Суға шомылу маусымы басталғалы өзен-көл жағалауларына баратындар көбейді. Олардың араларында ересектермен қатар балалар да бар. Сондықтан өңірдің эпидемиолог мамандары ата-аналарды балаларын судан жұғатын түрлі инфекциялардан қорғауға шақырады.
Әсіресе, жасөспірімдердің гигиеналық тазалығына мән берген жөн, дейді құзырлы сала мамандары. Өйткені, қазіргі уақытта жеткіншектер арасында энтеровирусты және ротовирустық инфекцияларды жұқтырғандар саны артқан.
Мұндай вирустар көбіне суда немесе субұрқақтарда, лас жерлерде көптеп кездеседі. Тіпті, сырты тазартылмаған жемістен де жұғу қауіпі бар.