ҚР Парламенті Сенатының депутаты Амангелді Нұғманов Қ.Жұбанов атындағы өңірлік университеттің профессор-оқытушылар құрамымен кездесті. Онда жоғары білім беру саласындағы өзекті мәселелер талқыланды. Университет жанынан ашылған заманауи ғылыми зертханалардың маңыздылығы айтылды. Халық қалаулысы жиналғандар алдында университетке қатысты көкейкесті ұсыныстарын ортаға салды.