Кеше аймақта ауыл әкімдерінің сайлауы өтті. Науқанға 8 аумақтық және 35 учаскелік сайлау комиссиясы жұмылдырылды. Барлығы 20 сайлау округі бойынша 60 кандидат қатысты. Ауыл тұрғындарының дауыс беруі нәтижесінде 8 ауданда 19 ауылдық округ пен 1 ауыл әкімі сайланды. Олардың ішінде 11-і биыл қайта сайланып отыр.