Зейнет жасына жақындағандарды тұрақты жұмысқа орналастыруға арналған "Күміс жас" жобасы сәтті жүзеге асып келеді.

"Кәсіпкерлікті дамытудың ұлттық жобасы" аясындағы бұл бастама биыл 1205 ақтөбеліктің екі қолға бір күрек табуына сеп болмақ. Жыл басынан бері жоспар 97 пайызға орындалған.

"Күміс жасқа" онлайн өтінім беру enbek.kz порталы арқылы жүзеге асады.