«Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында Ақтөбе су қоймасы жағалауына тазалық жұмыстары жүргізілді. Шараға облыстық және қалалық жастар ресурстық орталықтарының жастары мен "Жасыл ел" еңбек жасағының сарбазы атсалысты. Айта кетейік бұл аймақ жастарының ұйымдастыруымен өткізіліп отырған 333-ші экоакция.