Ақтөбелік ақын Валерий Мартыненконың туғанына 70 жыл толуына орай зағип жандарға арналған кеш өтті. Шара 30 оқырманның басын қосты.
Қатысушыларға жазушының өмірі мен шығармашылық жолы, Ауғанстандағы қызметі, көру қабілетінен айырылып, әдебиетке оралуы туралы деректер айтылды. Сондай-ақ Валерий Мартыненконың терең сезім мен философияға толы өлеңдері оқылды.
Айта кету керек, кітапхана қорында ақынның сегіз кітабы сақталған.