Ақтөбелік ерекше балалар Қырғызстанда өткен халықаралық ән байқауының "Бас жүлдесін" жеңіп алды. Облыстық арнайы “Мектеп-интернат-колледж” кешені оқушыларынан құралған оқушылар тобы жарыста вокал жанры бойынша ым-ишара тілінде өнер көрсетті. Сөйтіп, көршілес елдерден қатысқан 500 өнерпаз арасында үздік шықты. 


Өңірге жүлделі оралған балаларды ата-аналары, мәдениет саласының қызметкерлері салтанатпен күтіп алды.