Облыстық кәсіпкерлер палатасында тәлімгерліктік жүйені дамытуға бағытталған 2 күндік оқу жобасы басталды. Кәсіптік дағдыны қалыптастыруға септігін тигізетін шараға шаһардағы кәсіпорындар мен колледждерден 50-ге жуық маман қатысып жатыр.
Жалпы, оқыту курсы 4 жылдан бері дәстүрлі түрде өтіп келеді. Ұйымдастырушылар осы уақыт аралығында түрлі салалар бойынша 170 тәлімгер дайындап үлгерген. Ал бұл жолғы шара жұмысшы мамандықтар жылына арналды.