«Владимир Дворкович Мемориалы - Aktobe Open 2025» халықаралық шахмат турнирі өз мәресіне жетті. Спорттық доданың жүлде қоры 100 мың долларды құрайды. Жарысқа 21 елден үш жүзден астам шахматшы қатысты.

Ақыл-ой сынға түскен додада бас жүлдені сербиялық Алексей Сарана еншіледі.