Ойылда соғыс ардагері Жаңыл Бақтыгелдинаның ерлігі ұлықталды. Ол 1942-1943 жылдары тракторшының тізіміне алынып, кейін жасырын түрде майдан даласына жіберілген. Деректерге сүйенсек, мұнай өнімдерін тасымалдады, қолына қару ұстап соғысты, қажет кезде окоп та қазды. Сталинград үшін болған шайқасқа қатысты. Кейін елге оралып, құқық қорғау, ауыл шаруашылығы саласында еңбек етті.

Ардагердің еңбегін ұлықтаған ойылдықтар ескерткіш тақта ашты. Кейін соғыс ардагерлері Жаңыл Бақтыгелдина мен Қожас Қарабалиевті еске алуға арналған турнир өтті. Жарысқа волейболшылар қатысып, өзара мықтыны анықтады. Дәстүрлі турнирде ерлер арасында Кемер командасы, әйелдер арасында Қайыңды командасы жеңімпаз атанды.