Дәл қазір облыста халық саны - 951 412 адам. Миллиондық межеге тезірек жету үшін туу көрсеткіші жақсы болуы тиіс. Бірақ, көрсеткіш былтырмен салыстырғанда төмендеген.
Өткен жылдың алғашқы төрт айында 6069 сәби дүниеге келсе, биылғы төрт айда 5047 нәресте өмір есігін ашты. Үйлену және ажырасу деректері де көңіл көншітпейді. Былтырғы төрт айда 1552 отбасы құырлса, 598 ерлі - зайыпты ажырасқан.
Ал биыл дәл осы уақыт аралығында 1406 неке құрылды, 670 неке бұзылды. Үйлену азайды, ажырасу көбейді.