Жұмыс іздеген жастарға жаңа мүмкіндік. Өңірде «JumysTAP» әлеуметтік жобасы аясында кеңес беру-модульдік пункттері ашылды. Кеңселер халықтық канцелярия, Тұрғындар қалашығы базары, Есет батыр тұрғын алабы, сауда орталықтары сияқты халық көп шоғырланған жерлерде орналасқан. Мұнда облыстық жастар ресурстық орталығы және жауапты басқарма өкілдері азаматтарға мемлекеттік қолдау мәселелері бойынша нақты кеңес беріп, жөн сілтейді. Уақытша немесе тұрақты жұмыс орнына жолдама ұсынбақ