Елорда күніне орай ақтөбеліктер шаһардағы Астана саябағына тазалық жүргізді. "Жасыл ел" сарбаздарымен бірігіп қала және облыстық жастар ресурстық орталығының өкілдері демалыс күндерін абаттандыру жұмыстарына арнады. "Астана" саябағы 2018 жылы ашылды. Жалпы алаңы төрт жарым гектарға жуық демалыс орнын ел астанасына ұқсатып жасауға тырысты. Дәл ортасына Хан шатыр түріндегі ескерткіш қойылды. 120 орындық амфитеатр айналасы да қоқыстан тазаланып, жастар саябақтағы жасыл желекті суарды. Саябақты әп сәтте мұнтаздай еткен ақтөбелік жастар Бас қалаға деген құрметін осылай жеткізді.