Әуе қорғанысы күштері әскери институтының курсанттары Домбыра күні мен Астана күніне арнап концерт ұйымдастырды. Курсанттар домбыра және қобыз аспаптарында ұлттық күйлер мен халық әндерін орындап, қала тұрғындары мен қонақтарына мерекелік көңіл күй мен ұлттық рух сыйлады. Осылайша болашақ офицерлер ұлттық мәдениетке деген құрметін көрсетті. Көрермендер курсанттардың шеберлігіне ерекше ықыласпен қол соқты.

Шара барысында бірінші курс медицина ротасының курсанты Мөлдір Қойшыаманованың өнері көрермендердің айрықша ықыласына бөленді.