Өңірге жұмыс сапарымен ҚР Парламенті Сенатының Төрағасы Мәулен Әшімбаев келді. Сенат спикері барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарымен, Қазақстан халқы Ассамблеясы өкілдерімен және қоғам белсенділерімен кездесті. Жиынға Сенаттың экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитетінің төрағасы Сүйіндік Алдашев , Ақтөбе облысынан сайланған Сенаторлар – Бауыржан Қаниев пен Амангелді Нұғыманов қатысты.