Мемлекеттік қызмет қол жетпейтін жабық кастаға айналмауға тиіс. Сол себепті ел басқару ісіне кәсіби білікті, озық ойлы және бастамашыл мамандарды көптеп тарту қажет. Осылай деген Мемлекет басшысы 2019 жылы Президенттік жастар кадр резервін жасақтау бастамасын ұсынған болатын. 1 маусымда Президенттік жастар кадр резервіне кезекті іріктеу басталады. Бұған дейінгі жылдары ел бойынша 400 адам таңдалып, олардың 80 пайызы тиісінше қызметке орналастырылды. Ал биылғы іріктеудің ерекшелігін әріптесім айтып береді.