15-19 жастағы жасөспірімдердің 60 пайызы жыныстық жолдармен берілетін жұқпалы аурулардан өзін қалай қорғауды білмейді. Біріккен ұлттар ұйымының зерттеуі осылай дейді. Сондықтан халыққа аурудың таралу жолдарын түсіндіру, белгілерін айту, бір сөзбен айтқанда ақпараттандыру маңызды. Осы мақсатта өңірде репродуктивті денсаулық апталығы басталды.