Бүгін Ақтөбеде ата дәстүр ұршық иіруді насихаттап жүрген қоғамдық бірлестіктің облыстық филиалы ашылды. Осы мақсатта өңірге еліміздің әр түпкірінен ұлттық өнерді жаңғыртып, ұршықты ұлықтап жүрген ақ жаулықты әжелер келді. Қолөнершілер көрмесін ұйымдастырып, шеберлік сағаттарын өткізді.