Аймақта ауылдық жердегі жасөспірімдер үшін жаңа спорттық жоба іске қосылды. Жобада еркін күрес, грек-рим күресі, қазақ күресі, дзюдо және бокс спорт түрлері қамтылған.

Негізгі мақсаты – ауыл балалары мен жасөспірімдерін спортқа тарту, бұқаралық спортты дамыту, жаттықтырушылардың біліктілігін арттырып, оларды жаңа дағдыларға бейімдеу.

Cондай-ақ, шалғайдағы таланттарды анықтап, кәсіби спортқа баулу.