Тобыл-Торғай облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы облыстық филиалының хабарлауынша, 10-шы сәуір мен 10-шы мамыр аралығында шортан, көксерке секілді он түрлі балықты аулауға тыйым салынған.
Қазіргі кезде инспекция мамандары мен полиция қызметкерлері су жәндігін заңсыз аулау, өткізу, сатудың жолын кесу үшін тексеруді күшейтті.
Ереже бұзғандар әкімшілік, тіпті қылмыстық жауапқа тартылады.