Қалалық мәдениет үйінде 19-шы ғасырдың көрнекті діни қайраткері, рухани ағартушы Нұрлепес Күмісбайұлына арналған танымдық конференция өтті.
Онда тарихи тұлға жайында жақында ғана түсірілген деректі фильмнің тұсаукесері өтті. Көрерменге жол тартқан бейне туындыда Нұрлепес Күмісбайұлының өмір жолы мен халық игілігі жолында атқарған еңбектерінен естелік шертілді. Тарихшылар мен зерттеушілер бұрын соңды еш жерде жарияланбаған оқиғалар мен аңыз әңгімелерді естіп, мол ақпарат алды.
Айта кетейік, тарихи тұлға қазіргі Байғанин ауданының Оймауыт елдімекенінде дүниеге келген. Заманында халқымыздың рухани әлеміне шырақ болған діни ағартушы Досжан хазіреттің шәкірті.