Білімді өлсе, қағазда аты қалар... Биыл қазақтың маңдайына біткен талантты перзенті, ақын, сазгер, философ Абай Құнанбайұлының туғанына - 180 жыл толмақ. Мерейтой қарсаңында аймақта дайындық жұмыстары қыза түсті. Қазіргі уақытта шаһардағы тарихи тұлға атындағы саябақтың ескерткіш айналасы қайта жөнделіп, ондағы Абай бейнесі бейнеленген тақтайшаға реставрациялық жұмыстар жүргізіліп жатыр.