Құқық қорғау саласының ауыр жүгін арқалап жүргендердің бірі - учаскелік полиция инспекторлары. Тәулік бойы тұрғындардың тыныштығын күзету солардың мойнында. Көршідегі шу, отбасындағы жанжал, шашылған қоқыстың мәселесі мен адам өліміне әкелген қылмыстар да дәл осы мамандардың қарауында.