Қарғалы ауданы Велихов ауылына газ берілді. Бұл көптен күткен қуаныш. Мұнда 60 үй бар. Халық саны 200-ге жуықтайды. Шараға аудан әкімі Нұрлыбек Өнербаев, облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасының басшысы Арысұлан Айтбаев қатысты. Аудан әкімдігінің мәліметінше, бүгінгі күні халықтың 95 пайызы табиғи газбен қамтамасыз етілген. Бұл — мемлекет қолдауының және ауылдық жерлердің тұрмыс сапасын арттыруға бағытталған жүйелі жұмыстардың нәтижесі. Алдағы уақытта газдандыру жұмыстары кезең-кезеңімен жалғасады.