Байғанин аудандық мәдениет үйі жанындағы «Ауылдың балалары» ансамблінің кіші құрамы халықаралық өнер байқауында топ жарды. Олар Алматы қаласында өткен додада дәстүрлі ән жанры бойынша өнер көрсетіп, көпті таңдай қақтырды. Алатау бөктерінен жүлдемен оралған өнерпаздарды теміржол бекетінен жақындары сән-салтанатымен күтіп алды.