Заң мен тәртіп - тыныштық кепілі. Мемлекет басшысының идеясымен қолға алынған қағида бүгінде сәтті жүзеге асырылып келеді. Кезекті кездесу Марат Оспанов атындағы медициналық университетінің студенттерімен өткізілді. Онда құқық қорғау органдарының өкілдері, нашақорлықтың алдын алу, кеселі көп зиянды әдеттердің зардабын бастан өткерген азаматтарды ала келіп, жастармен жүздестірді.