Қалада "Заң мен тәртіп" идеологиясын дәріптеу науқаны қарқынды өтіп жатыр. Бұл жолғы үгіт-насихат жұмысы колледж білім алушыларына жүргізілді.
Онда оқу орнының мамандары мен психологтар бірігіп, жастарды - нашақорлық, лудомония сияқты зиянды әрекеттерден аулақ болуға шақырды. Әрі шараға қатысушылар арасында шығармашылық байқау да ұйымдастырылды.