Сондай-ақ, дәстүрлі фестиваль одан әрі «Көнеден жеткен дәм» атты ұлттық тағамдар көрмесімен жалғасты. Онда ұмыт бола бастаған ұлттық тағам түрлері көрермен назарына ұсынылып, аспаздар келушілерге дайындап әкелген астың шығу тарихын түсіндірді. Осылайша, қатысушылар құнары жоғары, табиғи өнімдерден дәм татты.