Өңірде «Сыбаға» ұлттық дәстүрлер фестивалі басталды. Ауқымды жобаның мақсаты - ұлттық құндылықтарды жаңғыртып, ұрпаққа рухани тәрбие беру. Байқау 3 күн бойы жалғасады. Мәдени танымдық шара білім ордаларынан бастау алды. Онда оқушыларға жалпы ұлттық құндылықтарды дәріптейтін танымдық сабақтар мен шеберлік сағаттары өткізілді.