Байғанин ауданы, Ноғайты ауылында еңбек ардагері, ұстаз Тұрарбек Смағұловтың 90 жылдығына арналған еске алу кеші өтті. Тағылымды шара екі күнге ұласты. Алғашқы күні Ноғайты ауылындағы Сағыз орта мектебінде волейболдан жарыс өтсе, ертесіне зиялы қауым өкілдері бас қосып, арда азамат туралы естеліктерін бөлісті.