Тамыздың бірінші жексенбісі - көлік қызметкерлері күні. Сондықтан аймақ басшысы теміржол саласында елеулі еңбек еткен қос қызметкерді марапаттады. Анатолий Лапин және Күләш Жұмағазина "Ерен еңбегі үшін" медалінің иегері атанды. Күләш Жұмағазина аталған салада 42 жыл еңбек еткен.
Әйел затына қарамай ауыр жұмыс істеген теміржолшы бүгінде зейнеткер. Ал Анатолий Лапин болса бұл салаға 32 жыл өмірін арнаған. Бір қызығы ол теміржолшылар әулетінде өскен.