Ақтөбеде телекоммуникация саласы мамандары арасында өткен «Оптикалық желі шебері – 2025» республикалық байқауы қорытындыланды. Еліміздің әр өңірінен жиналған кәсіби шеберлер талшықты -оптикалық желілерді жинау дағдыларын дәлелдеп қана қойған жоқ, облыс орталығындағы 100-ден астам абонентті жоғары жылдамдықтағы интернетке жалғады.