АУЫЛДАҒЫ БАЛАБАҚША КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕУДЕН ӨТТІ 08.08.2025 11:36 Мұғалжар ауылындағы «Бөбекжай» балабақшасы күрделі жөндеуден өтті. 90 орынды қамтитын ғимарат заман талабына сай жаңғыртылып, бүлдіршіндерге барынша қолайлы жағдай жасалған. Тозығы жеткен жиһаздар жаңартылды.