Биыл бірінші сыныпқа 20 мың бүлдіршін қабылданады. Олардың арасында Абай есімді 11 балғын бар. Ұлы ақынның атын иеленген кішкентай ақтөбеліктерді аймақ басшысы Асхат Шахаров арнайы қабылдап, алғашқы қадамдарымен құттықтады. Оларға оқу- құралдарына толы сөмке сыйлап, "Абай жолы" кітабын тарту етті. Балалар да ақынның өлеңдерін жатқа айтып, ағартушы туралы білетін ақпараттарысмен бөлісті.