Триатлон саябағында Абай шығармаларына арналған әдеби-сазды кеш өтті. Өлең оқылды, ән шырқалды. Қуанарлығы қатысушылардың басым бөлігі жастар. Ал ерекшелігі бұл еркін форматтағы шара.
Кез-келген қала тұрғыны шығып, өнерін көрсете алады. "Ұлы халықтың - ұлы Абайы" атты шараға ұйытқы болған - "Геолог" мәдениет үйі. Хакімнің 180 жылдығына арналған шаралар ақынның туған күні, 10 тамызға дейін жалғасады.