Әйтеке би ауданының орталығы Темірбек Жүргенов ауылында 2 көшеге жол салынып жатыр. Әзірге белгіленген нысаналы аумақта жерді қырып-тегістеу жұмыстары қолға алынған. Қажетті дайындық жұмыстары аяқталғаннан кейін асфальт жабындысы төселеді. Сондай-ақ, жолдың жанына тротуар салу жоспарда.